«Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтардың республикалық слеті өтеді

0

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Халықаралық тұрақты туризм жылы және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі  аясында  2017  жылдың 23-24  маусым күндері Маңғыстау облысында «Менің  Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының республикалық слетін (Бұдан әрі – Слет) өткізеді.

«Менің  Отаным  –  Қазақстан»  туристік-өлкетану экспедициялық  жасақтардың  республикалық  слеті  –  балалар мен жастардың патриоттық сезімін және азаматтығын тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік-өлкетану  қызметін жандандыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, бос  уақытты  мағыналы ұйымдастыруға бағытталған мәдени-танымдық жоба.

Слетке «Менің Отаным – Қазақстан»  туристік – өлкетану  экспедициялық жасақтардың өңірлік жарыстарының жеңімпаз топтары (8 бала + 2 жетекші) қатысады (барлығы 160 қатысушы).

Слет бағдарламасында  өлкетану  зерттеу  жобаларын  қорғау, жартасқа  өрмелеу,  кедергілер  жолағын  жеңу,  аспалы жолдан өту, топографиялық белгілерді анықтау, азимутты табу, алғашқы медициналық көмек көрсету, экскурсиялық бағдарлану, экологиялық акция, «Бард әндері» фестивалін өткізу жоспарланған.

Республикалық  слет – балалар – жасөспірімдер туризмі мен өлкетануды  насихаттауға,  білім  беру  ұйымдарында  туристік жұмысты  жандандыруға ықпал етеді.

Слет жеңімпаздары  дипломдармен  және  бағалы  сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Қосымша ақпарат үшін мына телефонға хабарласу қажет: 8 (7292) 60-77-76, 87785714787; e-mail: umcdo@mail.ru.