Бағдарламасы Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған туризм саласындағы

0

Туризм басқармасының миссиясы – өңір мен тұрғын халықтың табысының, жұмыспен қамтылуының тұрақты өсуі үшін жоғары тиімділіктегі және бәсекеге қабілетті туристік индустрияны дамыту.

Туризм басқармасының негізгі міндеттері:

–  туристік қызметті дамытуды қамтамасыз ету;

–  туристік қызметтердің сапасын көтеруді қамтамасыз ету;

–  Маңғыстау облысының туристік өнімін ілгері жылжыту.

Негізгі мақсаттық индикаторлары:

–  ішкі туризм бойынша (резиденттер) орналастыру орындарымен келушілерге көрсетілген қызмет саны өткен жылмен салыстырғанда өсуі. Ішкі туризм бойынша (резиденттер) 2017 жылдың 1 тоқсанында 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 112 %-ға өсті. 

–  келу туризмі бойынша (резиденттер емес) орналастыру орындарымен келушілерге көрсетілген қызмет саны өткен жылмен салыстырғанда өсуі. Келу туризмі бойынша (резиденттер емес) 2017 жылдың 1 тоқсанында 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 133 %-ға өсті. 

– ұсынылған төсек-тәулік санының өткен жылмен салыстырғанда өсуі. Ұсынылған төсек-тәулік саны 2017 жылдың 1 тоқсанында 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 109 %-ға өсті. 

 

2017 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша келу туризмі бойынша келушілердің санында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда,  133 %-ға өсуі байқалады және 6873 адамды құрады.

2017 жылдың 3 айында ішкі туризмнің келушілер саны 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 3255 адамға өсті және 38 386 адамды құрады.

Негізгі көрсеткіштердің талдауы  2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 2017 жылдың 3 айында орналастыру орындарының саны                           16 бірлікке өсті, келушілерге көрсетілген қызмет саны 4974 адамға  (115%), нөмірлер саны – 496 бірлікке (120%), біржолғы сыйымдылығы 1433                          төсек-орынға өсуі байқалады, мұндағы өсу жаңа орналастыру нысандарының ашылуы есебінен болуда. Көрсетілген қызметтің көлемі 41229,5 мың тенгеге өсті.

2016жылы және 2017 жылдың 1 жартыжылдығында өңірде туристік инфрақұрылымның дамуы Ақтау қаласында жаңадан ашылған және қолданыстағы  «Сая», «Tree of Life», «SunSet», «Достар» сияқты қонақ үйлер мен демалыс базалары құрлысын қайта салу есебінен жүзеге асырылды. Сонымен қатар,  Бейнеу ауданы Ақжігіт селосында «Жұмыспен қамту жол қартасы – 2020» бойынша ішінара мемлекеттік қолдауымен кіші қонақ үйі ашылды. Ақтау қаласында 2 хостел ашылды.

2016 жылдың қаңтар айында Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Даму» кәсіпкерлік қолдау қоры» АҚ арасында туризм саласында кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау бойынша ынтамақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында әріптес-банктермен 900 млн. теңгеге 12 жоба мақұлданды. Барлық жобаларды жүзеге асыру қорытындысы бойынша                         195 жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Облыста туристерді тарту үшін қонақ үй бизнесі, балалар туризміне, т.б. арналған халықаралық форумдар өткізілді. Туристердің таңғажайып табиғи ландшафтарға, көптеген ескерткіштерге, тарихи-мәдени және этникалық мұраларға үлкен қызығушылығын ескере отырып,  қазақстандық және шетелдік Бразилия, Израиль, Еуропаның Германия, Испания, Голландия, Швейцария елдері туроператорлары өкілдері үшін ақпараттық турлар өткізілді. Ақпараттық турлардың нәтижесінде отандық және шетелдік туроператорлармен келісім-шартқа (27 келісім-шарт) қол қойылды. Бүгінгі күнге облысқа  Жапониядан                  80 турист,  Еуропадан 38 турист, оның ішінде Нидерландыдан 17 турист келіп, аралады.

Облысқа Ресейден 180 турист, Италиядан 11 турист, Америкадан                             10 турист, Еуропадан 34 турист келді. 2016 жылы 7 келісім-шарт жасалынды, тиісінше  Латвиядан 22 турист, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасынан 12 турист, Италиядан 5 турист, Гонконгтан 15 турист,  «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ өтінімі бойынша  10 туроператор келді.

2016 жылы  алғаш рет «Orient Silk Road Express» – «Экспресс Жібек жолы» туристік пойызы Маңғыстау облысына келді және осы туристік пойызымен өңірімізге Германия мен Швейцария елдерінен 2 кезеңмен саяхатпен келген 95 турист үшін Ақтау  және Форт-Шевченко қалаларына, Шақпақ-ата жер асты мешітіне, Шерқала тауына, өңірдің көз тартарлық өзге де жерлеріне экскурсиялар  ұйымдастырылды.

Маңғыстау әкімдігі Еуропалық кеңеспен бірлесіп «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасының аясында Маңғыстау облысында 2016-2020 жылдарға арналған  туризмді дамыту Стратегиясы» жобасы әзірленді.

Облыстың туристік әлеуетін ілгері жылжыту мақсатында Мәскеу қаласында өткен «MITT- 2016», «MITT- 2017» халықаралық туристік көрмелерінде, Берлин қаласында өткен халықаралық туристік көрмесінде Маңғыстау облысының туристік әлеуетінің таныстырылуы өткізілді.

Облыстың туристік әлеуеті жыл сайын Алматы және Астана қалаларында өтетін қазақстандық халықаралық туристік көрмелерінде таныстырылады.

2016 жылдың қыркүйек айында «Астана-Демалыс 2016» қазақстандық туристік көрмесінде туризм басқармасымен «Маңғыстау облысының туристік әлеуеті» тақырыбында семинар-таныстыру өткізілді, мұнда барлық қонақтар Батыс Қазақстанның табиғи нысандарының байлығымен және қасиетті жерлерімен танысты.

Таныстыру кезінде Маңғыстаудағы демалыстың ерекшелігі туралы тақырып кеңінен ашылды, атап айтқанда экотуризм, демалыстың экстремалдық түрі, жанұя және балалармен демалыс түрлері туралы таныстырылды. Осымен бірге  Маңғыстау облысының туризм саласында MTravel (Mangystau Travel) бірінші мобильдік қосымшасы таныстырылды.

MTravel – ол туризм саласында ең маңызды оқиғалармен және ең соңғы жаңалықтармен тегін танысуға, орналасу және демалу  бойынша ұсыныстарды қарауға, тарихи ескерткіштермен және табиғи нысандармен танысуға, олардың ішінше ең үздігіне өз маршрутын жасауға мүмкіндік беретін ыңғайлы мобильдік туристік жолсілтеме. Осы қосымшаның көмегімен өңірдің туристік саласының мүмкіндіктері және туристік әлеуеті туралы көп ақпаратты біле аласыз.

Өңірдің туристік бағыттарын ілгері жылжыту үшін туризм саласында  және облыстағы оқиғалармен  күн сайын ақпаратпен толтырылатын  mangystau.info интернет-порталы іске қосылды. Сайтта booking.com  модулі аттас сервисі шоғырландырылуымен (Ақтау қаласының қонақ үйлерін өңір қонақтарының іздеуі үшін) қосымшасы қосылды. Демалыс базаларын кеңінен тарататын «Каспий теңізі жағасындағы демалыс» бөлімі құрылды. Орналастырылған ақпаратта әрбір демалыс базалары туралы мыналар: бағасы, көліктің барлық түрлерімен қала жетуге болады, қысқаша сипаттамасы және брондау үшін байланыстар немесе қосымша ақпараттар көрсетілген.

2016 жыл ішінде сайтта 44 938 бет (19 826 кіру) санымен кірушілердің қарауы анықталды, оның ішінде Маңғыстау туризмі қызықтыратын жаңа келушілердің саны – 16 168. Смартфондардан қарағандардың саны 49,3 %-ға (жеке компьютерден – 47,5 %-ға) өсті. Сонымен қатар, сайтқа кірушілердің өткізетін уақыты 1 минуттан 3 минутқа дейін өсуі байқалды. Сайтты күніне       100-ден 400-ге дейін адам қарайды.

Жас жеткіншектер сана-сезімінде табиғатқа ұқыптылықпен қарауды қалыптастыру мақсатында «Салауатты өмір салтын насихаттау» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды. Осы жобаның аясында 2000-нан астам балалар бірегей маршруттар бойынша «Бабалар аңыздары» экологиялық турларға барып, Форт-Шевченко қаласының мұражайымен, өлкеміздің таңғажайып әсем табиғатымен танысты және табиғи аймақтардың санитарлық тазалық акцияларына да тартылды.

Сонымен бірге, туризм басқармасы «Рада Ақтау» үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп облыс аумағына келіп жатқан туристік ағынына мониторинг жүргізу бойынша жоба жүзеге асырылды.

2016 жылдың  қыркүйек айында Маңғыстау колледжі базасында халықаралық деңгейдегі білікті мамандар сабақ берген экскурсоводтарды оқыту семинар-тренингі ұйымдастырылды және өңірдің туристік компанияларынан     24 тыңдаушы тренингтен өтіп, сертификаттар алды.

Өңірдің туристік әлеуетін ілгері жылжыту үшін Туризм басқармасымен туристік фирмалармен бірлесіп 2016 жыл ішінде отандық және шетелдік туроператорлары және бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдерінің қатысуымен өңірдің туристік нысандары бойынша 6 ақпараттық-жарнамалық турлар өткізілді, оның ішінде жылдың соңғы айларында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және өткізу аясында  отандық және шетелдік туроператорлар, қытай туроператорлары мен бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) өкілдері үшін ақпараттық-жарнамалық турлар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп балалар мен жасөспірімдер арасында саламатты өмір салты насихатталуда. Яғни, 201-2016 жылдары  аудан және қала мектептерінің 5000 оқушысы Маңғыстаудың таңғажайып табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштеріне барды.

 

 

 

Өңірдегі балалар туризмін дамытуға қатысты Маңғыстау облысы аумағында жұмыс жасап тұрған Қаражанбасмұнай, Қаракұдыкмұнай, Маерск сияқты ірі кен орындарын пайдаланушы кәсіпорындары басшыларымен бірлескен жасаған жұмыстың нәтижесінде, Маңғыстау облысының Каспий теңізі жағалауында орналасқан жергілікті балаларды сауықтыру лагерлерінде балалардың жазғы демалысы ұйымдастырылды. Білім басқармасымен бірлесіп Маңғыстауда балалар туризмін дамыту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

2016 жылдың қыркүйек айында Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Бүкілдүниежүзілік туризм күніне орай,  балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту бойынша туризм апталығы аясында «Туристік мәдениетті қалыптастырудың негізі – балалар туризмі» атты Халықаралық туристік форумы  өткізілді.

Аталған Форумға шетелдік және отандық балалар туризмі жөніндегі сарапшылар, балалар туризмінің мамандары қатысып, өздерінің                                         іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа идеялары мен өз ойларын ортаға салды.

Аталған форум аясында  Каспий теңізі жағалауы елдерінің өкілдерінің қатысуымен «Каспий Ханзадасы 2016» («Королева Каспия 2016») Халықаралық  Сұлулық конкурсы өтті.

Мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында қыркүйек-қазан айларында үш кезеңнен тұратын «Үш ұрпақтың тарихи-мәдени инклюзивті туры» тақырыбында іс-шаралара өткізілді. Мақсаты: мәдени-туристік жұмысты қалыптастыру және балалардың денсаулығын сауықтыру үшін оларды әртүрлі, қоғамдық маңызды және жеке тартымдылықтағы істерге кірістіру негізінде жағдайлар жасау.

1-ші кезеңде іс-қимылы шектеулі балалардың, жалғыз және қарттарға арналған танымдық және шығармашылықтық қызметін белсенді етуге арналған облыс бойынша экскурсия ұйымдастырылды. 2-ші кезеңде» жастарға, мүжәлсіз жанұя топтарына жататын балаларған арналған «Жастар толқыны» облыстық спорттық туристік слеті  өткізілді. 3-ші кезеңде экологиялық туризм бойынша клнкурс өткізілді. Іс-шараның барлық кезеңдерінің нәтижесі бойынша белсенді қатысушылар анықталып, естелікке сыйлықтар мен димпломдар табыс етілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25-жылдығын мерекелеу, Қазақстанның аралас этникалық халқының тарихы мен мәдениеті тұтастығының көкейтесті сегменті болып табылатын Қазақстан халқы ассамблеясының мерекесі аясында халықаралық қоғамдастықтың назарын Бірінші Дүниежүзілік соғыстың ескерткішіне, австрия тұтқындарының Бауырластар қабіріне аударту мақсатында Форт-Шевченко қаласында «Австрия ескерткіші» туристік нысанын кеңінен тарату» этномәдени жобасы бойынша 2016 жылдың қазан айында Форт-Шевченко қаласының 170-жылдығына орай Қазақстан Республикасындағы Австрия елшілігінің өкілдерінің қатысуымен ақпараттық тур өткізілді.

Астана қаласында  осы этномәдени жоба бойынша халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. Осы жоба аясында облысымыздың өкілдері Шығыс Қазақстан облысындағы австриялық жол бойынша экспедицияға және Австрияның астанасы Вена қаласында Австрия мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылатын дөңгелек үстелге қатысты.

 

Этномәдени жоба аясында «Түріксой» халықаралық түрік мәдениеті ұйымының және Астаналық туризм ассоциациясының қолдауымен Маңғыстау облысындағы 1-ші Дүниежүзілік соғыстың ескерткішіне халықаралық қоғамдастықтың назарын аударту мақсатында туристік саланың болашақ мамандары, Қазақ гуманитарлық-заң университеті студенттері үшін                        «Форт-Шевченко қаласында австро-венгрия ескерткішін тарату» тақырыбында лекция ұйымдастырылды.

Мемлекеттік тапсырыс аясында 2017 жылдың мамыр айында Маңғыстауда «Үстірт құпиясы» экспедициясының ұйымдастырылуына ықпал етілді. Экспедиция 29 сәуір мен 7 мамыр аралығында өткізілді. 1400 км  (күніне                     200 км) жүріп өтілді. 54 экипаж – олар 200 адам «Nomad Explorer»  басшысы, Марғұлан Сейсембектің басшылығымен 14 табиғи және мәдени-тарихи ескерткіштерді: Тамшалы, Жығылган, Сұлтан Епе, Қапам сай, Шақпақ Ата, Домалақтар алқабы, Шерқала, Айрақты, Тұзбайырдың төмені, Бозжыраның жоғарысы, Бозжыраның төмені, Сенек құмдары, Тоқмақ мүйісі, Қарақия ойпатын аралап, жүріп өтті.

Кластерлік қадамды жүзеге асыру – өңірде туризмді дамытуға ықпал етудің маңызды құралы

Осы мәселе бойынша «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамымен бірлесіп жұмыс жасаймыз. 2017 жылдың мамыр айында қоғам өкілдерінің қатысуымен турбизнес, ұлттық кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар өкілдері шақырылған кеңес өткізілді. Бүгінгі күнге туризм басқармасымен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп Маңғыстау облысында туристік кластерді дамытуға өтінім жолданды.

Өзге өңірдің тұрғындарын ақпараттандыру үшін 2016 жылы Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының облыстық телеканалдарында Маңғыстаудың туристік көз тартарлық жерлері мен табиғаты, әлеуеті мен тартымдылығы туралы видеофильм көрсетілді.                         Сондай-ақ,  «National Geographic» журналында «Мен саған келдім Маңғыстау» мақаласы жарияланды.

2017 жылда  «Түпқарағанның жеті көл табанды  тас сақшылар алқабын салу және абаттандыру» жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 12,5 млн. теңге қаражат бөлінді. Жұмыс Түпқараған ауданы әкімдігімен жүргізілуде. Сонымен қатар, осы ауданда Саура шатқалы аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2015-2016 жылдары туризм басқармасымен Еуропалық кеңеспен бірлесіп «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасының аясында облыстың туристік қоғамдастығы өкілдері үшін туристік жобаларды әзірлеу Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бағдарламаның мақсаты: өңірдегі туризмді дамыту бойынша мақсатқа сәйкес уақытына қарай  жүзеге асырылатын жобалар кешенін әзірлеу; туристік жобаларды әзірлеуге барлық мүдделі тараптарға ықпал ету.

Сарапшылармен туристік жобаларды дамыту Бағдарламасы аясында (ТЖДБ) облыстық және аудандық әкімдіктер, мен кіші және орта бизнестің                     15 өкілі үшін төрт модульдік оқыту семинарлары, сонымен қатар фасилитаторларды (консультанттар) даярлау Бағдарламасы аясында туристік саланың жиырма өкілі үшін тренингтер сериясы өткізілді.

 

15 адам фасилитаторларды (консультанттар) даярлау Бағдарламасы аясында оқуды табысты аяқтады және қазіргі күнге облыстық туризм басқармасымен ұйымдастырылған барлық іс-шараларға, Маңғыстау облысында туризмді дамыту Стратегиясын әзірлеу процесіне қатыстырылуда.

Еуропалық кеңеспен бірлесіп «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасының аясында турбизнес өкілдері, Маңғыстау туризм колледжі кірген Маңғыстау облысының өңірлік туристік қауымдастығы құрылды.

Туристік жобаларды дамыту Бағдарламасы жұмысының қорытындысы бойынша 7,8 млрд теңгеден аса қаражатқа бизнес идеялар әзірленді және таныстырылды. Бизнес идеяларға Ақтау қаласы және Маңғыстау облысы бойынша экскурсиялық қызметтер көрсету,  Ақтау қаласында дайвинг клубты құру, Ақтау қаласында яхталық айлақты салу және Маңғыстау облысында этноауылды құру жобалары кіреді.

Жобаларды жүзеге асыру кезінде сарапшылар облыстың туристік нысандары және маршруттарымен танысты. Танысу нәтижесінде олармен маршруттардағы инфрақұрылымды және сервистік қызмет көрсетуді жақсарту бойынша ұсыныстар енгізілді.

Сонымен бірге, жобалардың сарапшылары туризм басқармасымен       2015-2016 жылдары ұйымдастырылған  халықаралық туристік форумдардың жұмысына қатысып, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, өңірде туризмді одан әрі қарай дамыту үшін ұсыныстарын енгізді.

Бірлескен жұмыстың аясында облыстық туризм басқармасының сайты жақсартылды және жаңартылды, туристік нысандар мен маршруттар,  орналастыру орындары, туристік агенттер мен компаниялардың  жұмысына қатысты ақпаратпен электрондық база құрылды. Мәліметтер тізілімі тұрақты түрде жаңартылуда.

Туристік жобаларды дамытудың екінші Бағдарламасы аясында  туризм саласында тағы да бес бизнес идея әзірленуде.

Басқарма Маңғыстау туризм колледжімен ынтымақтастықта бірлесіп белсенді жұмыс жасайды. Колледждің студенттері басқармада және  туристік кәсіпорындарда жыл сайын практикадан өтуде. Туристік іс-шараларды өткізу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі күнге облыстың тұрғындарын Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне баруды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.