Ақтауда салу мәселесін талқылады жаңа саябақ

0

Маңғыстау облысының әкімі Ақтау қаласында саябақ салу мәселесі бойынша италяндық Paghera компаниясының өкілдерімен кездесті
Италяндық Paghera компаниясының өкілдері Массимо Альберти, Сахиб Худавердиев Маңғыстауға келіп, аймақ басшысы Ералы Тоғжановпен Ақтау қаласында саябақ салу мәселесін талқылады. Paghera компаниясы теңіз суымен өсімдіктерді суландыру технологиясымен әлемде саябақ салу бойынша 150 жылдық тәжірибесі бар.
Массимо Альберти облыс әкімі Ералы Тоғжановпен кездесуде Ақтау қаласында саябақ салу жобасы туралы айтты. Paghera компаниясы агрономия саласында ерекшелігі теңіз суымен суландыруға бейімделген 100 шақты өсімдіктерді анықтаған. Компания Ақтауда бұталар мен гүлдермен көмкерілген орман көлеміндей үлкен бақ салмақ.
– Paghera компаниясы өңделмеген теңіз суымен суландыру технологиясына ие. Ол үшін бақта американдық лабораторияларда зерттелген арнайы өсімдіктерді отырғызу қажет. Біз бұл технологияны әр түрлі елдерді көгалдандыру үшін пайдаланамыз. Мысалға, біздің компания көгалдандырумен айналысқан Мысырда 30 бақ бар. Ақтау қаласын айтатын болсақ, 12 гектар жерді игеру үшін 6 млн. 750 мың евро қажет болады. Егерде жарықтандыру, дренаж жүйесімен өздеріңіздің мамандарыңыз айналысатын болса, онда жобаның бағасы төмендейді. Гольф-клуб құрылысын салуға да болады, өйткені Майамиде теңіз суымен суландырылатын гольф-клуб алаңын салған тәжірибеміз де бар,- дейді Paghera компаниясының бас директоры Массимо Альберти.
–Жоба егжей-тегжейлі талқылауды қажет етеді. Маңғыстаулық мамандар жобаға жан-жақты талдау жасайды, компания өкілдерімен толық жасалған таныстырылымнан соң шешім қабылданатын болады, – деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.