Маңғыстау облысында 26 ауылдық ауылдық округтері мен ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдары әкімдерінің сайлауы болып өтті

0

2017 жылдың 4-5 тамызында Маңғыстау облысында 26 ауылдық ауылдық округтері мен ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдары әкімдерінің сайлауы болып өтті. Атап айтқанда Жаңаөзен қаласы 1 аулының, Бейнеу ауданында – 7 ауылдың, Қарақия ауданында – 2 ауылдың, Маңғыстау ауданында 10 ауылдың, Мұнайлы ауданында – 2 ауылдың және Түпқараған ауданында 4 ауылдың әкімдері сайланды.

Сайланған әкімдердің 25-сі ер адам болса 1-еуі әйел адам. Олардың бәрі де қазақ ұлтынан, орташа жасы 47 жасты құрайды. Жас жағынан ауыл әкімдері келесідей бөлінеді:

30 жасқа дейінгілер – 1, 30-дан 45 жасқа дейінгілер – 9, 45-60 жасқа дейінгілер – 14, 60-тан 63 жасқа дейінгілер – 2.

Білім жағынан ауыл әкімдерінің барлығы жоғары білімді.

Мамандақтары жағынан:

инженерлер – 5, экономистер мен қаржыгерлер – 5, заңгерлер – 1, мұғалімдер – 9.

Маңғыстау облысында ауылдық ауылдық округтері мен ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдары әкімдерінің сайлауы Қазақстан Республикасының Конституциясына “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген “Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату” Қағдаларының барлық талаптарына сәйкес жүргізілді.

Сайлау нәтижелері мен ауыл әкімдерінің сапалық сараптамасы, сайланған әкімдердің қолынан іс келетін, алдарына қойылған тапсырмаларды орындауға қабілетті, лайықты адамдар екенін көрсетеді.