Астанада алғаш рет Еуразия музыкалық ойындары өтіп жатыр

0

 

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Еуразия музыкалық ойындарына арналған баспасөз конфренция өтті. Оған Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, ҚР халық әртісі Айман  МҰСАҚОЖАЕВА,  дирижёр, Еуразия музыкалық ойындарының арт-директоры Михаил КИРХГОФФ, КСРО және РФ опера әншісі Любовь КАЗАРНОВСКАЯ, композитор, КСРО  халық әртісі  Константин ОРБЕЛЯН қатысты.

2017 жылдың 15-нен 25-ші тамызы аралығында EXPO-2017 халықаралық көрмесінің мәдени бағдарламасы шеңберінде, алғаш рет Еуразия музыкалық ойындары өтіп жатыр.

Байқаудың мақсаты мен міндеті – талантты да шығармашыл жастарды анықтау және қолдау, жастар арасындағы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және тәрбие беру,  елдегі мәдени кеңістікті нығайту, қатысушылардың мәдени әлеуетін сақтау және дамыту,  шығармашылық  дамуға жағдай жасау, балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту және ашу.

Еуразия музыкалық ойындары барысында: вокал, фортепиано және скрипка бойынша  жарыстар өтеді. Жас ерекшелігі 12-ден  35-ке дейін. Ойынға 18-ден астам елдің жас музыканттары қатысады.

Қазылар алқасы виртуоз аспап және классикалық музыканың көрнекті орындаушыларынан тұрады:  ҚР Халық әртісі Айман Мұсақожаева, кеңес және ресей опера әншісі Любовь Казарновская, КСРО  халық әртісі Константин Орбелян,  Пабло Сарасете атындағы халықаралық байқаудың лауреаты Карэн Шахгалдян, ҚР еңбек сіңірген әртісі Шахимардан Абилов,  Пианистер Юрий Диденко мен   Альберт Мамриев,  Итальян академиясының президенті және көркемдік жетекшісі -Talent Music Master courses Паоло Баглиери.  ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчиев, италияндық скрипкашы және дирижер – Пьерклаудио Фей.  Бурса қаласындағы (Түркия) Мемлекеттк Симфониялық Оркестрінің концертмейстері және директоры – Гекче Озлер, Анкара Мемлекеттік опера және балет театрының жеке орындаушысы және директоры Метин Туран, Халықаралық байқаулардың лауреаты (Украина) Геннадий Кабка.

Ойын барысында 11 (он бір)классикалық музыка концерті өтеді. Концертте Қазақстан, Ресей, Армения, Венгрия, Германия, Норвегия, Корея елінің музыканттары қатысады.

 

 

 

КОНЦЕРТТЕР БАҒДАРЛАМАСЫ

21 – 25 тамыз аралығында

Күні Уақыт Зал Қатысушылар Мемлекет
21.08 19:00 Орган залы

(Жеңіс даңғылы, 33)

Хачатурян атындағы трио

Скрипка, фортепиано, виолончель

Армения
22.08 19:00 Орган залы

(Жеңіс даңғылы, 33)

Денис Шаповалов – виолончель

Гүлжанат Жанатаева – пианино

Ресей

Қазақстан

23.08 19:00 Орган залы

(Жеңіс даңғылы, 33)

Денис Шаповалов – виолончель

Рахимжан Баспаев – Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрінің дирижері

Ресей

Қазақстан

24.08 19:00 Орган залы

(Жеңіс даңғылы, 33)

Балаш Соколай – фортепиано Венгрия
25.08 19:00 Ж.Жабаев залы

(Тәуелсіздік даңғылы, 50)

Андреас Оттензамер – кларнет,

Сергей Сбатян – Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрінің дирижері

Германия