- Энергия үнемдеу
Энергия үнемдейтін лампаларды қолдану арқылы энергияшығынын азайту мақсатында «Энергия үнемдеу» жобасына 5 балабақша, 2 мектеп енгізілді. Аталған білім беру ұйымдарында энергия көзін пайдалану 40%-ға үнемделді.
Бұл жобаны Ақтау қаласының 24 мектебіне енгізу қолға алынды.
- Канализация суларын қайта өңдеу арқылы су шығынын үнемдеу
Қаракия ауданы Құрық мектеп-гимназиясы өңделген суды жылыжайға және ауланы көгалдандыруға жұмсады.
Үнемделген қаражат – 7 миллион теңге.
- Жылыжайлар салу
Облыс бойынша 7 білім беру ұйымында жылыжай салынған.
Жаз бойы балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп жанындағы лагерьде демалушы балалар көкөністермен қамтамасыз етіліп, өз өнімін пайдапланудың жаңа үлгісін көрсетті. Биылғы оқу жылында 5 білім беру ұйымы жанынан жылыжай салу жоспарланды.
- «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне 14120 оқушы барды.
Оқулықтар бойынша
2017-2018 оқу жылында Маңғыстау облысы бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 1 063,0 млн. (бір миллиард 63 миллион)теңге қаражат бөлінді (2016-2017 ж – 849,3мың тг).
Бөлінген қаржығажаңартылған білім мазмұнында шығатын 2,5,7- сыныптардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері және қор жинау циклы бойынша басқа сыныптарға жетіспейтін оқулықтар мен оқу құралдары сатып алынды.
Сатып алынған барлық оқулықтар саны – 910 010 дана. Оның ішінде, 2-сынып бойынша 265 767, 5-сыныпқа 206 736, 7-сыныпқа 191 815 дана оқулық алынды.
Ағымдағы жылдың 28 тамызында мектептерге оқу әдебиеттері таратылып, бүгінгі таңда барлық оқушылар оқулықпен қамтамасыз етілді.