Бірінші сөзден: Азаматтарды денсаулық сақтау субьектілеріне тіркеудің барыс туралы

0

2017 жылдың 29 қыркүйегінде, сағат 11.00-де, облыс журналистерінің қатысуымен «Азаматтарды денсаулық сақтау субьектілеріне тіркеудің барыс туралы» тақырыпта брифинг өтті. Брифинг спикері –  Филиал директоры Р. Бектубаев.

Бүгінгі күнге облыс бойынша медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау саласы бойынша ұйымдардың Деректер қоры жасақталды.

Аталмыш Деректер қорындағы 54 медициналық ұйымның, 33-і – мемлекеттік болса, 21 – жеке меншік ұйымдар.  Осы медициналық ұйымдар туралы ақпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының электронды сайтында http://dsb.mangystau.gov.kz/ru  жарияланған.

Деректер Қорына 6 – жаңадан медициналық ұйым қосылды. 1- ведомстволық, 5- жеке меншік. Сонымен бірге – 14 алғашқы медициналық –санитарлық көмек көрсету, олардың – 3 жеке меншік. Тағы да 5 – жеке меншік медициналық ұйым азаматтарды тіркеу кампаниясына қатысуға ниет білдіруде.

15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтіп жатырған Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясы өтуде.

Бүгінде Тіркелген тұрғындардың регистрінде, ҚР да тұратын шетел азаматтары мен олардың жанұясы, қоныстануға хаты бар азаматтылығы жоқ тұлғаларды тіркеу мүмкіндіктері қарастырылған. Сонымен бірге ҚР аумағына уақытша келген шетел азаматтары мен олардың жанұясын арнайы  тіркеу жұмыстары жүргізілуде.

2017 жылдың 3-ші тоқсанына, облыстық Филиалдың ұйымдастыруымен  10 кездесу өтті. Сонымен бірге, медициналық қызметкерлер үшін  2 – оқыту семинары жүргізілді. Іс-шаралар туралы ақпарат жергілікті БАҚ-да және әлеуметтік желілерде жарияланды. Жарияланған ақпараттардың аясында, Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша қоғамдағы пікірлер   сарапталды.

Нәтижесінде, облыс тұрғындарының Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы ақпараттанғаны анықталды. Көбіне қолдаулар айтылып, медициналық қызмет сапасының артатынына сенім білдіруде.

 

 

 

Тұрғындарды ақпараттандыру қызметі

Телефон: 87016204568