Маңғыстаудағы іскерлік қоғамдастықтағы IT

0

15 қарашада Ақтау қаласында «Қазіргі заманғы бизнестегі интернет-технологиялардың рөлі» атты үшінші аймақтық бизнес-конференция өтеді. Шара мақсаты – бизнес құрылымдардың қызметіндегі интернет-технологиялардың маңыздылығын анықтау.

Конференция ұйымдастырушысы Өмірбек Құрбанбаевтың айтуынша, IT нарығы қалай дамып жатқандығы туралы ақпарат сұранысқа ие. Себебі қазір бұл саланы дамытуға деген қызығушылық күн сайын артуда.

– Конференцияның басты мақсаты – Маңғыстаудың ақпараттық технологиялар саласының табысты дамып келе жатқанын көрсету.Сонымен қатар IT саласындағы бизнестің дамуында жоғары мән беру керектігін, электронизациялауды, бірыңғай дерекқорды құруды атап өту керек екенін түсіндіру», – деді Өмірбек Құрбанбаев. – Біз кәсіпкерлерді конференцияға шақырдық.  Шарада интернеттегі имидж және PR, электронды құжаттарды басқаруды қалай жүзеге асыру, ІТ өнімдері арқылы адам ресурстарын басқару, менеджерлерге арналған ІТ шешімдер, клиенттерді тарту әдісі сияқты тақырыптар қозғалады. Спикерлер ретінде Қазақстандағы танымал сарапшылар шақырылды.

Award.kz ұлттық интернет-марапатында алған марапаттардың санына қарай, Маңғыстау Қазақстандағы бестіктен орын алған. Қазір жобалар мен әзірлемелер сапасы бойынша Ақтау Алматы, Астана, Қарағандыдан кейін 4-орын алады.

– Білім беру және балаларды тәрбиелеу номинациясы бойынша 2010 жылдан бері Маңғыстау облысындағы мектептердің білім беру үрдісінің электрондық жүйесі жыл сайын 1-2 орын алады. Біздің компания 2015 жылы Қазақстанның WEB-студиясының алғашқы үштігіне кірді. Бізде 17-ге жуық марапат пен атақ бар. Біздің ақпаратымызға сәйкес Алматы, Астана және Қарағандыдан басқа өңірлерде мұндай көрсеткіштер жоқ. Маңғыстаудың еліміздегі ІТ саласының үздік бестігіне енгенін мақтанышпен айта аламыз. Бұдан бөлек, тапсырыстардың шамамен 30%-ы Қазақстанның басқа аймақтарынан келіп түседі.  Бұл да жұмысымыздың сапа деңгейінің көрсеткіші, – дейді конференция ұйымдастырушысы Өмірбек Құрбанбаев.

Бизнес-конференцияға қатысу туралы өтініштер 7 қарашаға дейін Mediana.kz сайтында қабылданады.