Бірінші сөзден: ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің

0

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші бағыты – кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің
2017 жылдың 9 айында  атқарған қызметі туралы

Мемлекеттік қызмет саласы бойынша

Облысымызда мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны 1347, оның ішінде 7-і саяси, 7-і А корпусы, қалған 1161 «Б» корпусының қызметшілері.

Қызметшілердің нақты саны – 1175, бос орындар саны – 172, яғни штаттық бірліктің 12,8% құрайды.

Қызметшілердің орташа жасы – 36,6. Әйелдер саны – 697(59,3%), ерлер – 478(40,6%).

Академияны аяқтаған қызметшілер саны-5; мемлекеттік қызметшілердің орташа өтілі – 8,7 жас; атқаратын лауазымдағы өтілі – 3,5 жылды құрайды.

Ұлт жоспарының 10 қадамына сәйкес «Б» корпусының жоғары лауазымдарына жылжыту төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер қатарынан тек қана конкурстық негізде жүргізілуі тиіс. Осылайша меритократия қағидатын нығайту көзделген.

Біздің облысымызда бұл қадамның талаптары сапалы орындалып келеді деп айтуға болады.

Мысалы, осы кезеңде 507 бос лауазымдарға конкурс жарияланып, аяқталған.

Конкурс нәтижелері бойынша төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлердің қатарынан жоғары лауазымға орналасқан қызметшілердің үлесі 64% құрайды. Бұл республика көлемінде ең жоғары көрсеткіш.

Дегенмен де, облысымыздағы кейбір көрсеткіштер, мысалы «бос орындар саны», «қызметшілердің ауысымдық көрсеткіші» басқа облыстармен салыстырғанда төменгі деңгейде қалып келеді.

            Бұл көрсеткіштердің жоғары болу себебі – қызметшілердің мемлекеттік емес секторларға ауысуы немесе жоғары ақылы жұмыс іздеуімен байланысты. Өздеріңіз білесіздер, біздің облысымыз мұнайлы өлке. Соған сәйкес шетелдік компаниялар көп. Біздің мамандарымыз көбінесе осындай компанияларда қызмет еткенді қалайды, өйткені ол жақта еңбек ақы жоғары.

Соған қарамастан, аумақтық департамент бұл бағытта көптеген семинарлар, басқа да түсіндіру жұмыстарын және қала, аудан әкімдіктерімен бірлесе бос орындар жәрмеңкесін жүргізіп келеді.

Оқу курстарынан ағымдағы жылға өтуге жоспарланған 342 мемлекеттік қызметшінің 210 қамтылды (61,4%).

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша

 

9 айдың ішінде облыстық мемлекеттік органдармен 3 млн. астам   қызмет көрсетілген.

Бұл ретте Мемлекеттік корпорация арқылы және электронды форматта көрсетілген қызметтер үлесінің оң үрдісі байқалады. Яғни, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, Мемкорпорация  филиалдары арқылы көрсетілген қызметтердің үлесі 67% өскен болса, электронды нысанда көрсетілген қызметтердің үлесі 31% артқан.

Сондай-ақ, қағаз түрінде көрсетілетін қызметтердің үлесі төмендеуде. Бұл көрсеткіш 33%-ға төмендеген.

Дегенмен де, жергілікті атқарушы органдармен электронды түрде көрсетілген қызметтердің саны төмен деңгейде қалып отыр.

Мұның себебі, қызметті тұтынушылардың басым көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Ал ауылдарда интернет желілері толық қамтылмаған немесе оны пайдаланып білмейді. Сондықтан, аумақтық департамент көрші облыстардың тәжірибелерін ескере отырып, әр селоға бір маман мен интернет  желісіне қосылған компьютер бөлдіру мәселесін Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңесте қарастырған болатын.

Осы  жұмыстардың  нәтижесінде халыққа қызмет көрсету орталықтары жоқ 3 ауданның (Бейнеу, Қарақия, Мұнайлы) елді мекендерінде (әкімдік ғимаратында) арнайы маман мен қажетті техникалық құралдар бөлінді. Басқа аудандарда да бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр және электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің маңыздылығын көтеруде бұл тәжірибе алдағы уақытта оң нәтижесін береді деп санаймыз.

Департаментпен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына   42 тексеру жүргізілді, нәтижесінде 97 мыңнан астам кемшіліктер анықталып 99 ұсыныс жолданды, 59 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды (33 – ескерту, 19 – сөгіс, 4 – қатаң сөгіс, 3 – қызметтен босату). Ең көп орын алатын кемшіліктер бұл – Стандартпен айқындалмаған құжаттарды сұрату; көрсетілетін қызметтердің тәртібін бұзу; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімін бұзу және т.б.

Сонымен бірге, мерзімдерін бұзғаны үшін 18 әкімшілік хаттама толтырылып, 1 млн. теңгеден астам айыппұл  мемлекет пайдасына өндірілді. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған лауазымды адамдардың барлығы жергілікті мемлекеттік органдардың  бірінші басшылары.

Бұдан басқа, «Азаматтық альянс» ЗТБ, «Азаматтық құқық» жеке-меншік мекемесінің өкілдерімен бірлесіп, «Құпия сатып алушы» жобасы шеңберінде 60-тан астам іс-шаралар өткізілді. Нәтижесінде, бірқатар қызмет беруші мекемелердің тарапынан қателіктер мен кедергілердің орын алатындығы анықталды.

Жолданған ұсыныстарға сәйкес кемшіліктер толықтай жойылып, 21 жауапты қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Мемлекеттік қызмет саласын бақылау және Әдеп кеңесінің жұмысы жөнінде

 

Өткен мерзімде басқармамен барлығы  139(86) өтініш қаралған, оның 33-і бойынша   тексерулер жүргізілді.

Жалпы жүргізілген тексеру жұмыстары барысында 174 заңбұзушылық деректері анықталып, мекеме басшылары атына ұсыныстар енгізілді. Нәтижесінде 16 өтініш иесінің құқылары қорғалды, 4 заңсыз қабылданған бұйрықтардың күші жойылды.

Мысалы, департаментпен аз-ша А.Изембаеваның арызы қаралды. Арызда, оның Маңғыстау облысына Алматы қаласынан 2000 жылдардың басында қоныс аударғаны, содан бері жеке меншігінде баспана болмауына байланысты, бірнеше жыл бойы мекен-жайы бойынша тұрақты тіркеуге алынбағаны көрсетілген. Осының салдарынан  мемлекеттік органдардан және Банктерден мемлекеттік әлеуметтік көмектерді алу кезінде кедергілерге жолыққан.

Департамент өз тарапынан  Ақтау қаласы бойынша уәкілетті органға хабарласып, жазбаша түрде ықпал етуді сұрап қолдау хат жолдағанның нәтижесінде 17 жылға жуық шешімін таппай жүрген аз-ша А.Изембаеваның мәселесі оң шешімін тапты.

Заңбұзушылықтарға жол берген 8 (4-ескерту, 3-сөгіс, 1-қатаң сөгіс) қызметші тәртіптік жазаға тартылып, заңсыз шығарылған 4 бұйрықтың күші жойылда, 132 бұзушылық қалпына келтірілді.

ҚР ӘҚБтК-нің 99 бабының 1 тармағымен (конкурс өткізу тәртібін бұзу) 9 хаттама, ал осы баптың 2 тармағымен (заңсыз қызметтен босату) 2 хаттама толтырылып, сотқа жолданды /Өткен жылы бұл баптар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылмаған/.

274 баптың 1 тармағымен – 1 (9 ай 2016ж.- 4) әкімшілік іс қаралды.

9 айда салынған айыппұлдардың көлемі – 500 мың (328 755)   теңгеден   астам  (5 әкімшілік іс сотта қаралуда).

 

Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері:

1) сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар әзірлеу;

2) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау;

3) әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

  1. Әдеп жөніндегі кеңес негізгі міндеттеріне сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындыларын қарау;

2) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының қорытындыларын қарау;

3) қызметтік әдептің сақталуын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру кезіндегі әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің нәтижелерін қарау;

4) тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмыс нәтижелерін қарау;

5) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу нысандары мен әдістерін жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

6) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның, Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның, Агенттіктің ұсынымдарын қарау;

7) қызметтік әдеп нормаларын бұзуға, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген облыстардың әкімшілік орталықтары болып табылатын қалалардың әкімдеріне, облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларының мүшелеріне, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдеріне, С-О-1, С-О-2, С-R-1, С-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-0-2, Е-1, Е-2, Е-R-1, Е-R-2 санаттарындағы мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді қарау.

Статистикаға сүйенсек, Әдеп жөніндегі кеңестің 11 мәжілісі өткізіліп, 55 мәселе қаралды, оның  40-ы мемлекеттік қызметшілерге қатысты қозғалған тәртіптік істер.

 

Әдеп жөніндегі кеңестің 11 мәжілісі өткізіліп, 55 мәселе қаралды, оның  40-ы мемлекеттік қызметшілерге қатысты қозғалған тәртіптік істер.

Тәртіптік жаза қолдану жөнінде мемлекеттік органдардың басшыларына 20(21) ұсынымдар жолданды.

Нәтижесінде, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды жасағаны үшін 6  қызметшіге – «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» берілсе, 2 қызметші «атқаратын қызметінен босатылды». Қалған 12 қызметшіге Әдеп  кодексімен 8 – ескерту, 2 – «сөгіс», 2 – «қатаң сөгіс»  түрінде жазалар қолданылды.

Мысал ретінде Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы  бөлімі» ММ-нің  басшысы А.Толегеновке қатысты қозғалған тәртіптік істі келтіруге болады.

Бұл  тәртіптік  істі  қозғауға  Қарақия  аудандық прокуратурасының заң бұзушылықты жою туралы ұсынысы негіз болды.

Онда, аталған бөлім басшысы тарапынан  Құрық  селосы  аумағынан  50-ге жуық  жеке және заңды тұлғаларға қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері заңсыз берілгені көрсетілген.

Орын алған заңбұзушылықтар  мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық болып дәрежеленіп, Әдеп жөніндегі кеңестің  шешімімен Бөлім басшысы «атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығарылды».

Тәртіптік жазаға тартылғандардың ішінде 6-ы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімше басшылары, 14-і жергілікті атқарушы органдардың басшылары.

 

Сыбайлас жемқорлық профилактикасының бойынша

 

Ағымдағы жылдың 9 ай нәтижесі бойынша барлығы 29 сыртқы талдау жүргізілді. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеліп соғуы мүмкін көптеген құқықты таңдап қолдану фактілері, мемлекеттік қызметшілердің дискрециялық өкілеттіліктері және «жасырын» мемлекеттік қызметтер анықталды.

Мемлекеттік органдарға барлығы 201 ұсыным берілді. Қазіргі уақытта берілген ұсынымдардың 184-і орындалды (91%).

Мысалы, ағымдағы жылы Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп, нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету барысындағы әкімшілік кедергілерді жою, нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызуы мүмкін нормаларды жою және азаматтарға қызмет көрсету кезіндегі ыңғайлы жағдайларды қамтамасыз ету жөнінде берілген 9 ұсынымның барлығы да ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен мақұлданып, тиісті нәтижелерге қол жеткізілді.

«Автокөлік жолдарында сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту жөнінде 10 қадам» жоспары аясында жол-патрульдік полициясы, көліктік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғаларымен бірге  республикалық және облыстық маңызы бар автокөлік жолдарына рейдтер ұйымдастырылып, жеңіл және ауыр жүк автокөліктерінің меншік иелеріне пара беру және пара алу, бопсалау фактілері бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.

Департаментпен мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында 590 іс-шара ұйымдастырылып, 172 077 адам қамтылды. Олардың  қорытындылары тұрақты түрде республикалық және жергілікті БАҚ жарияланып келеді.

Іс шараларға мысал келтірер болсақ, ағымдағы жылдың 9 наурызынан бастап, құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, «Нұр Отан» партиясының, Өңірлік кәсіпкерлер Палатасының және басқа да саланың өкілдері енген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ өз жұмысын бастады.

Осы уақытқа дейін мобильдік топ тұрғындар және еңбек ұжымдарымен 118 кездесу мен қоғамдық қабылдаулар өткізіп, жалпы саны 34 235 адамды қамтыды. Сонымен бірге, мобильдік топ азаматтардың шағымдарын жедел түрде қарауды жүзеге асырып келеді.

Ағымдағы жылдың 20 қазанында этномәдени бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен «Жемқорлықсыз болашақ – жастардың қолында!» атты бұқаралық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында белсенді этномәдени бірлестіктердің өкілдері марапатталып, «Антикоррупционная культура – основа стабильности общества» атты бейнеролик жұртшылықтың назарына ұсынылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.  

 

Шұғыл желінің қызметі туралы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметшілердің әдеп ережелері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және сыбайлас жемқорлық профилактикасы мәселелері бойынша жұмыс істейтін 1424 Колл-орталығының және департаменттің 8(7292) 30-30-39 сенім телефонымен қатар, жаңадан 87071701424 (WhatsApp қосымшасы арқылы СМС және аудио хабарламалар үшін) нөмірлі Маңғыстау облысы бойынша ШҰҒЫЛ ЖЕЛІСІНІҢ ашылғандығын хабарлайды.

Егер мемлекеттік қызметшілер тарапынан мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамалар және Әдеп кодексінің ережелері бұзылған жағдайда немесе мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық деректерін білетін болсаңыз ШҰҒЫЛ ЖЕЛІГЕ хабарласуыңызға  болады.

Шұғыл желіге күнделікті WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы хат түрінде немесе дыбыстық хабарлама арқылы                                                 өтінішіңізді жеткізуге болады. Сізден кәсіби мемлекеттік аппаратты және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша белсенді азаматтық ұстанымды күтеміз.