«Әлеуметтік экспресс» мобильді қызметінің Маңғыстау облысындағы жүзеге асырылуы туралы ақпарат

0

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 21-22.02.2017 жылғы селекторлық мәжілісте берген хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің, жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық еңбек басқармасы, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ және денсаулық сақтау басқармасының мамандары «Әлеуметтік экспресс» мобильді қызметі» жобасы аясында Қарақия, Түпқараған, Маңғыстау аудандары мен Жаңаөзен қаласына қарасты елді мекен тұрғындарымен кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, Қарақия ауданының Құрық, Жетібай, Мұнайшы ауылдары, Бейнеу ауданының Ақжігіт, Тұрыш, Сыңғырлау, Ноғайты, Сарға, Бейнеу ауылдары, Түпқараған ауданының Қызылөзен, Баутино, Таушық ауылдары, Маңғыстау ауданының Ақшымырау, Қызан, Тұщықұдық, Шебір, Жармыш ауылдары және Жаңаөзен қаласына қарасты Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарында әлеуметтік қамсыздандыру саласын жаңғырту, болып жатқан және алдағы уақытта күтілетін өзгерістер, іске асырылып жатқан «Өрлеу» бағдарламасын халық арасында кеңінен насихаттау бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.

«Әлеуметтік экспресс» мобильді қызметі жобасы шеңберінде жалпы 21 елді мекенде 21 кездесу өткізіліп, оған барлығы 1010 адам қатысты. Осы кездесулерде тұрғындар тарапынан 135 сұрақ қойылып, мамандар тарапынан сұрақтарға жауап берілді.

Атап айтқанда, зейнетақымен қамсыздандыру саласы бойынша – 33, «Өрлеу» бағдарламасына қатысты – 23, мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласына байланысты – 16, жұмыспен қамту мәселесі бойынша – 14, әртүрлі бағыттағы сұрақтар саны – 49 (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, денсаулық сақтау саласы және тұрғындардың жеке мәселелері т.б.).

Осы «Әлеуметтік экспресс» мобильді тобының түсінік жұмыстарын жүргізуі нәтижесінде 13 азаматтың «Өрлеу» бағдарламасының талаптарына сәйкес келетіндігі анықталып, бағдарламаға қатысуға, сонымен қатар, жұмыстан қысқартуға ұшыраған азаматтар жұмыс табысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыға құжат тапсыруға мүмкіндік алды. Зейнетақы және жәрдемақыға қатысты сұрақтары бойынша мемлекеттік мекемеге келіп ақпарат алушылар саны анағұрлым азайды.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзгерістер, зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша қажетті ақпараттар, мақалалар облыс көлеміндегі барлық баспасөз беттерінде («Маңғыстау», «Ақкетік арайы», «Жаңаөзен», «Рауан», «Жаңаөмір», «Қарақия» газеттері) жарияланды.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер туралы

Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтамақты зейнетақы немесе зейнеткерлердің айтуынша жасына байланысты зейнетақы 8 %  немесе инфляцияның жоспарланған шегінен 2 %  арттырылады.

Мемлекеттік базалық зейнетақы және жәрдемақылардың басқа түрлері 6 % өсетін болады.

Бұдан басқа, 2018  жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны  тағайындау механизмі өзгереді.  Өзіңізге белгілі болғандай, бүгінгі күнде базалық зейнетақы азаматтың еңбек өтіліне және табысына қарамастан барлығына бірдей мөлшерде тағайындалады.

Базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа механизмі 1998 жылдың             1 қаңтарына дейін азаматтардың жинақталған еңбек өтіліне және 1998 жылдан кейін жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі қатсу кезеңдерін байланысты болуын көздейді.

Бір мысал келтірейін:

біріншіден, азамат 1998 жылдың  1 қаңтарына дейін 20 жыл еңбек кітапшасымен расталатын еңбек өтілін ұсынды, және

екіншіден, бұл азамат 1998 жылдан кейін 15 жыл міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы жүйесіне  аударған, ол туралы Мемлекеттік корпорациясының Бірыңғай есептеу орталығы растайды (бұрынғы МЗТО).

Бұл ретте, базалық зейнетақыны тағайындау барысында жинақталған еңбек өтілі 35 жылды құрайтын болады (20 жыл еңбек өтілі+15 жыл жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушысы). Яғни, базалық зейнетақының мөлшері 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 28 284 теңгені немесе ағымдағы жылы 2 есе көп мөлшерді құрайды.

Базалық зейнетақы мөлшері азаматтардың еңбек өтілінің жиынтығына қарай әр түрлі болады. Жоғарыда айтылғандай, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап, егер азаматтың еңбек өтілі 33 жылды құрайтын болса, базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ЕКД, республика бойынша) 100% немесе 28 284 теңге, 20 жыл еңбек өтіліне – ЕКД-нің 74% немесе 20 930 теңге, 10 жылға дейінгі еңбек өтіліне – ЕКД-нің            54% немесе 15 274 теңгені құрайтын болады.

Сонымен, келесі жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері мемлекеттік базалық зейнетақыны қоса есептегенде 49 019 теңгені, ал зейнетақының орташа мөлшері 71 333 теңгені құрайтын болады.

Бұл өзгерістер бүгінгі күнде зейнетақы алатын азаматтарға да,  келесі жылы зейнетке шығатын азаматтарға да, яғни  барлық 2 миллион зейнеткерге қатысты болады. Бүгінгі күнде барлық зейнетақы істері қаралып, барлық есеп-қисап жүргізіліп және қосымша қаражат қажеттілігі анықталды. Қайта есептеуді жүргізу үшін зейнеткерлерден қосымша құжат қажет етпейтінін, зейнетақы ісіндегі құжаттар және Мемлекеттік корпорациясының Бірыңғай есептеу орталығының ақпараттары жеткілікті  екенін айта кетке жөн.

Республикалық бюджеттің 2018-2020 жылдарға арналған жобасына келесі жылдың қосымша қаражат қажеттілігінің жалпы сомасы 128 млрд. теңге енгізілген.

 

Зейнетақының көтерілуі туралы.

2018 жылдың бірінші жартысында 58 жасқа толатын әйелдерге зейнетақы 2018 жылдың 1 шілдесінен кейін, яғни 58 жас 6 ай толғанда тағайындалатын болады. Мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындау барысында жоғарыда айтылғандай,  еңбек өтілінің жиынтығы, яғни 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысу кезеңі есепке алынады.

Ынтымақты зейнетақы еңбек өтіліне байланысты және толық зейнетақы  1998 жылдың 1 қаңтарына дейін 20 жыл еңбек өтілі бар әйелдерге тағайындалатынын білесіздер.

Келесі жылы зейнетке еңбек өтілі 18 жылды құрайтын 1960 жылы туылған әйелдер шығатын болады. 1970 жылы туған әйелдердің еңбек өтілі 10 жылға тең болады, ал 1980 жылы туған әйелдердің еңбек өтілі мүлдем болмайды. Тиісінше, ынтымақты зейнетақы мөлшері пропорционалды түрде ұсынылған жинақталған еңбек өтіліне қысқарады.

Мысалы, егер ағымдағы жылы зейнетке шығатын әйелдің 20 жыл еңбек өтілі бар және табысы 100 мың теңге болса, онда оның ынтымақты зейнетақысы (мемлекеттік базалық зейнетақыны есептемегенде) 60 мың теңгені құрайтын болады.

Ал басқа әйелдің еңбек өтілі 15 жыл бола тұра табысы 100 мың теңге болса, оның зейнетақысы 45 мың теңге болады немесе бірінші әйелдің зейнетақысынан 15 мың теңгеге кем болды. Және бұл тенденция еңбек өтілінің төмендеуімен ушығады.

 

Бұл ретте, мемлекет ынтымақты зейнетақының кемитін бөлігіне өтемақы ретінде мынадай  шаралар қарастырып отыр:

біріншіден, жоғарыда көрсетілгендей, базалық зейнетақының есептеу механизмі өзгереді. Яғни, базалық зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілін және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңін қоса есептегенде мемлекеттік бюджеттен тағайындалатын болады. Жинақталған еңбек өтілі неғұрлым көп болса, сонда сізге ең төменгі  күнкөріс деңгейінің мөлшеріне жақын базалық зейнетақы мөлшері тағайындалады.  Келесі жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері  28 284 теңгені құрайтын болады;

екіншіден, зейнетақы жинақтарының аударымдары үзіліссіз болуын қамтамасыз ету үшін, 2014 жылдан бастап республикалық бюджеттен бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста болатын жұмыс жасайтын әйелдерге 10 % зейнетақы жарналарын субсидиялау басталды;

үшіншіден, жинақтардың көлемін көбейту үшін жұмыс берушілер тарапынан  заңды түрде  жұмысшылардың пайдасына 5 % зейнетақы жарналарын аудару бекітілді. Жаңа шартты түрде зейнетақы жинақтау 2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұл қаржыландыру көздерінен берілетін зейнетақының мөлшері жинақтаушы зейнетақы жүйесіне әйелдердің қатысу кезеңдеріне және зейнетақы жарналарын үзіліссіз аударылуына тәуелді болады.

Сондықтан, келесі жылдан жүзеге асырылатын зейнетақы жасын кезең кезеңімен арттырудың негізгі міндеті зейнетақы жинақтарын көбейту мүмкіндігін ұсыну болып табылады. Ол әйелдерге зейнетақы деңгейін әлеуметтік тиімді қамтамасыз ету үшін  2018 жылдан бастап 2028 жыл аралығында, 10 жыл ішінде жыл сайын 6 айдан кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

 

Әйелдердің зейнетке ерте шығу мүмкіндіктері

Әйелдердің зейнетке ерте шығу мүмкіндіктері сақталады. Біріншіден,    5 бала туған әйелдер 53 жасында зейнетке шыға алады. Бұл ретте, мемлекет 12 жылдан артық емес,  әр балаға 3 жыл еңбек өтілін қарастырады.

Екіншіден, егер әйелдердің жеке зейнетақы жинақтау шотында жеткілікті зейнетақы жинақтары  бар болса, онда 50 жасында зейнетке шыға алады. Бүгінде ол сома 12 млн-нан көп болуға тиіс.

Егер қаражат жетпесе, аннуитетті төлемдерді және  үшінші тұлғаға алуға болады (күйеуі, баласы және басқа санаттар)

Үшіншіден, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар үшін егер зейнетақы  жинақтары жеткілікті болып, және зейнетақы аннуитетін сатып алған жағдайда зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде 50 жасында зейнетке ерте шығу құқығы сақталған.

Бұған қоса, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары және ерікті жарналары зейнетақы жинақтарының  құрамына қосылатын болады. Қаражаты жетпеген жағдайда аннуитетті сатып алу үшін үшінші тұлғалардың (жұбайы, балалары және т.б.) жарналарын қолдануға мүмкіндік болады.