Баланы қарау мен күту қағидалары, ана сүтінің маңызы

0

Отан отбасынан басталады және бақытты отбасының негізі – бұл ұрпақтың жалғасуы. Ұрпақты қалыпты жетілдіру мен жаһанданудың кей тұстары бір-біріне қайшы келіп, осы қарама-қайшылық бүгіннің өзекті мәселелерін туындатып отыр.

Жылына жер бетінде 11 миллион сәби, алдын алуға болатын себептерден көз жұмады. Солардың 4 миллион нәресте бір айғада жетпейді. Соған қосымша 3,3 миллион нәресте өлі туылады. Ал жарты миллион әйел жүктілік кезеңінде көз жұмса, жүктілікке байланысты 300 миллион әйел түрлі дәрежеде ауруға шалдыққан. 529 000 ана өлімі тіркелсе, солардың 68 000 ы жүктілікті қауіпті түрде үзгендер. Осылардың 1%  ауқатты адамдарға тиісті.

Бақытты ғұмыр кешудің негізі сәбиге дұрыс кұтім жасау. Нәрестенің негізгі қалыптасуы анасының құрсағында басталып, туылғаннан кейін 3 жасқа дейін аса ерекше назар аударуды талап етеді. Сәбилі болуға арнайы дайындықтардан өтіп, жоспарлау кажет.

Ана мен балаға өткендегіден көбірек қауіп төнетін мәдени ортада, ықпалдастық маңызды құрал болып есептеледі, яғни сәбиді қалыпты жетілдіруде жан –жақты сауатты болуды және отбасына қосылатын сәбиді күту мен қарауға отбасы мүшелерінің барлығы қатысуы тиіс. Сонымен қатар әр-бір болашақ ана сәбидің қалыпты өсуіндегі маңызды жайттың бірі де бірегейі – бұл емшек сүтімен сәбиін емізу.

Осы семинар-тренинг ерте жастағы балаларды күту және қарау қағидаларын жас аналарға, жүкті әйелдерге, отбасындағы жандарға және медицина қызметкерлеріне арналған. Модуль сәбиді қалыпты өсіруге бағытталған, яғни тамақтандыру, шынықтыру, шомылдыру, басқада сәбиді күту мен қарау қағидаларының стандартына сай және ғылыми тұрғыда дәлелденген.

Информация предоставлена Фондом  “Байшешек”.

Редакция не несет ответственность за содержание публикации.