Білім саласында 2017 жылы атқарылған жұмыстар және 2018 жылға міндеттер туралы

0

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 93,0% (2017 жылға жоспар – 84,5%).

Облыста 2017 жылы 262 мектепке дейінгі ұйым бар, оның 40 %-ы жекеменшік. 2017  жылы 26 МДҰ  іске қосылды (оның 25-і жекеменшік).

2018 жылы 28 балабақша қосылады деп жоспарлануда.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы балабақашалар ашу жұмыстарының 17  жобасы  жасақталды. Оның ішінде биыл 5 балабақша пайдалануға беріледі.

Жалпы орта білім беру

Облыста жалпы білім беру желісі – 146 мектеп (оның ішінде – 134 мемлекеттік, 5-жекеменшік, 7 кешкі,. Шағын жинақты мектептер саны12 (Бейнеу ауданы – 7, Қарақия ауданы – 2, Маңғыстау ауданы – 3).

Оқушылар контингенті – 127168 (2016 ж.-119590), бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 7587 оқушыға артты. Үш ауысымды жұмыс жасайтын мектептер саны – 8  (1939 бала), апатты мектептер жоқ.

2017-2018 оқу жылында 1, 2, 5, 7 сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшті.  5 күндік оқу аптасына өтті.

Облыс бойынша 134 мектептің 90%-ы қосылған.

Сымсыз интернет желісіне (Wi-Fi) 95 (71%) мектеп қосылған.

2017-2018 оқу жылының ІІІ тоқсанынан бастап (08.01.2018ж) электронды журналы пилоттық жоба ретінде облыс бойынша 27 жалпы білім беру мектептеріне енгізілді. Ағымдағы жылдың 8 қаңтарынан бастап 27 мектеп қағаз журналдардың орнын “mektep.edu.kz” электронды журналын толтыруға көшті.

Маңғыстау облысының 2017-2019 жылдарға арналған инвестициялық жобалары тізбесіне үш ауысымды оқытуды  жою мақсатында 11 мектеп енгізілді. Бүгінгі таңда, 9 мектептің құрылысы басталып (4-ҰҚ, 5-РБ есебінен),     2018-2019 оқу жылында пайдалануға беріледі.

Жаһандану заманында ақпараттық сауаттылықпен қатар, көптілді меңгеру мәселесі тұр.

Осы орайда, Министрлік тарапынан 600-ден астам мұғалім ағылшын тілі курстарынан өтті. Жергілікті бюджет қаржысына 300 ауыл мұғалімі ағылшын тілін меңгеруде.

Қаңтар айынан бастап оқушыларға өз кәсібін ашуды үйрету мақсатында облыстың 30 мектебінде кәсіпкерлік негіздері жаңа жобасы  басталды.

Жаңа форматтағы бұл жоба оқушымен қатар оның ата-анасын да кәсіпкерлікке үйретеді. Оқушыларды жас бизнес көшбасшы болуға тәрбиелейді.

Өңір экономикасының дамуына қажетті мамандарды дайындау мақсатында 250 облыс әкімінің гранты бөлінді (былтыр – 200).

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындаалғаш рет облыстағы барлық білім беру ұйымдарында «Жасыл мектебім – жасыл мекенім» атты жобасын іске қостық.Жоба аясында кезең-кезеңімен барлық мектептерде жылыжайлар салынып, мектеп аулалары көгалдандырылатын болады. Аймақтың климаттық ерекшелігіне байланысты қолға алынып отырған бұл жоба меценаттар тарапынан қолдау тапты.

2017 жылдың 12 айында статистикалық есеп бойынша облыс көлемінде кәмелет жасына толмағандармен жасалған 68 қылмыс тіркелген (2016 жылы – 78).

2017 жылдың 12 айы бойынша құқықбұзушылық әрекеттерге байланысты кәмелетке толмағандардың аудандық, қалалық ішкі істер есебіне 282 жасөспірім (2016 жылы 321 жасөспірім) алынған.

Есепке алынған жасөспірімдердің 179-мектеп оқушылары, 54-і-колледж студенттері, 2-і оқымайды.

Сәтсіз отбасы есебінде 173 отбасы (2016 ж. 234 отбасы) есепте тұр.

2018 жылға арналған басты міндеттер:

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді және  ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға   арналған мемлекеттік  бағдарламасын жүзеге асыру;
  2. Ақтау, Жаңаөзен қалалары, Мұнайлы, Маңғыстау, Түпқараған аудандарында 3 ауысымды мектептерді жою мақсаттарында мектептің құрылысын аяқтап, қолданысқа беру;
  3. МЖӘ механизмі арқылы 4 балабақшаға күрделі жөндеу және 1 балабақша құрылысын аяқтау;
  4. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін 30 бірлікке көбейту;
  5. Білім беру ұйымдары ғимараттарын ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізу;
  6. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;
  7. Техникалық және кәсіптік білім беру және жалпы орта білім беру ұйымдарына электронды журналын толықтай енгізу;
  8. Жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
  9. Білім беру ұйымдарында «Жасыл елім-жасыл мектебім» жобасын енгізу;
  10. «Білім үздігі-2018» облыс әкімінің премиясын өткізу;
  11. «Баршаға арналған тегін техникалық  және кәсіптік білім» жобасын  жүзеге асыру;
  12. Білім беру мекемелеріндегі робототехника лабораторияларының санын артыру;
  13. Білім беру ұйымдарында IT бағытын дамыту;
  14. ТжКБ ұйымдарында кредиттік-модульдік оқыту технологияларын кезең-кезеңімен енгізу;
  15. Дуальді оқытуды енгізу бойынша жол картасын іске асыру;
  16. Білім беру ұйымдарында оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша жүргізілетін жұмыстарды күшейту;
  17. Білім беру ұйымдарында сенбі күндері қосымша білім мен тәрбие шараларын ұйымдастыру,  спортзалдардың демалыс  күндері  жұртшылыққа  қолжетімділігін  ұйымдастыру;
  18. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы түсінік жұмыстарын жүргізіп, сапасын арттыру;
  19. Білім беру ұйымдарының ресми сайттарын жаңаруын жүзеге асыру.