«МЕДИЦИНАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР»

0

Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы жылы Қазақстан халқына арнаған жолдауында МӘМС жүйесін енгізудің маңыздылығын атап өтті.

МӘМС жүйесін енгізуді 2020 жылға қалдыруына байланысты төлемдерде өзгерістер орын алды. (қосымша инфографикада)

Облыстық сақтандыру қорының бастамасы бойынша 2018 жылдың 1 ақпаннан бастап 28 ақпанға  дейін «МЕДИЦИНАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» тақырыбында айлық өткізіледі.

        Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  1. МӘМС жүйесін енгізу 2020 жылға ауыстырылғанына байланысты төлемақыларының өзгерулері туралы ақпарат
  2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМКБК) аясында медициналық қызмет көрсетуге келісім шарт жасаған денсаулық сақтау субьектілері туралы ақпарат
  3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМКБК) аясында медициналық қызмет көрсететін, Деректер базасына енгізілген, қатарорындаушы (соисполнитель) туралы  ақпарат
  4. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) Ережесіне енгізілген өзгерістер мен шетел азаматтарына қатысты сұрақтар және азаматтарды емханаларға тіркеуге қатысты мәселелер туралы ақпарат
  5. Медициналық ұйымдарда мониторинг жұмыстарын жүргізу туралы ақпарат

Айлықты өткізудің форматтары:

 Облыстық аудан, қалалардың тұрғындарымен кездесу (жасақталған кестеге сәйкес)

  • Мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдардың өкілдерімен кездесу
  • Медициналық ұйымдары өкілдерінің қатысуымен оқу-семинарын ұйымдастрыу және өткізу (мемлекеттік және жеке меншік клиникалар)
  • Медициналық ұйымдарды медициналық қызмет көрсетудің сапасын анықтау бойынша мониторинг жүргізу (мемлекеттік және жеке меншік клиникалар)
  • Жергілікті БАҚ –да сұхбат беру
  • Жергілікті БАҚ-ы мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен брифинг
  • МӘМС пен (ТМКБК)   туралы мақалалар жариялау
  • Әлеуметтік желілерде бейне – конференция мен пікірлер жазу

Өткізілген шаралар соңында күтілетін нәтиже:

  • МӘМС пен (ТМКБК)  жүуйелеріндегі өзгерістер туралы ақпаратпен денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін қамтамасыз ету.
  • Облыс тұрғындарын медициналық қызмет көрсету саласы бойынша жаңа мүмкіндіктер туралы қолжетімді ақпаратпен қамтамасыз ету
  • Тұрғындармен өзара кері байланысты орнату

Тұрғындарды ақпараттандыру қызметі  Телефон: 87016204568