“Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне “Бастау” жобасы бойынша окыту басталуы туралы хабарлайды

0

“Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне “Бастау” жобасы бойынша окыту басталуы туралы хабарлайды.
Сәуір айында басталған жоба Қазақстан аудандарында 30 000 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және 160 жұмыссыздарды қамти отырып қараша айының ортасында аяқталады.
«Ерекше назарға Мемлекет басшысының «5-бастама» бойынша жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың экономикалық айналымға тартылуына, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынылған және жүзеге асырылатын жобасы ерекше жауапкершілікке жүктейді. Сондықтан біз бірнеше компоненттерді: бизнес-жоспарлар жүйесін таңдауды енгізуді, іске қосылған жобаларды сүйемелеуді күшейттік» – деп “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Эльдар Жұмағазиев атап өтті. «2018 жылы «Бастау» жобаның ауқымы екі есеге ұлғайды: біздің жобалау командасы бірінші тоқсанда қарқынды дайындалды, біз үшін жобаның басты мақсаты жаңа бизнес-жаттықтырушыларды дайындау болды. 2017 жылы жобаға сәтті қатысқан тәжірибелі бизнес-жаттықтырушылар қатарына тағы 100-ге жуық бизнес-тренерлер қосылды. Барлық жаттықтырушы ретінде тағайындалған “алғашқы қарлығаштары” («первопроходцы»), сондай-ақ жаңа жаттықтырушылар мемлекеттік бағдарламалар және тренингтер жаттықтырушылары үшін арнайы тестілеуді өтіп өз құзыреті шеңберінде растады».
Бизнес-жобалардың бағытын ескере отырып (82 пайызы іске қосылған жобалар АӨК саласында) аграрлық құзыреттілігін тыңдаушылар арттыруға бағытталған оқыту бағдарламасы практикалық модульдермен күшейтілді. Сондай-ақ, іске қосылған жобаларды электрондық SRM-жүйесі арқылы сүйемелдеу енгізілуде. Жобаны басқарудың жаңа әдісі қолданылған. Енгізу сатысында автоматтандыру және үйлестіру процестерді басқару негізінде сапа менеджмент жүйесінің жобасы тұр.
Бастау “Бизнес” жобасы бойынша оқытудының сапасы 2017 жылы құрылған мониторинг жүйесі арқылы жұмыс істейді. Оқыту сапасының бақылау бірнеше құралдарды қамтиды: телефон сауалнамалар, онлайн-сауалнамалар, тікелей сауалнамалар, аймақтарға жоба топтарына сапарлар жасау, WhatsApp жүйесі арқылы бақылау. СМС-сауалнамалар енгізілуде, бейнекамералар орнатылуда, қатысуды автоматты түрде есепке алу жүйесін енгізу жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдамасының төртінші тармағында бекітілген «5 әлеуметтік бастама» қосымша бағдарламасы аясында шағын несиелеуге 20 млрд. теңге бюджет бөлінді (шамамен 14 млрд. тг ауылда, шамамен 6 млрд. тг қалаларда). Қаражаттар аталған құжатқа сәйкес жұмыссыздардың бастапқы бизнес-жобаларын шағын несиелеуге бағытталуы тиіс.
Қаражаттың жалпы көлемінен (44,7 млрд. тн.) ауылдық өңірлерде зәкірлік (якорные проекты) кәсіпорындарды қаржыландыруға бөлінген кредит – 10 млрд. тн. бастапқы және басталатын бизнес– 29,0 млрд. тн., және басқа да бағдарламалар – 5,7 млрд. тн.
Барлығы 14 000-нан кем емес бизнес-жобаларды қаржыландыру көзделіп отыр, оның ішінде ауылдарда-11 000 және қалаларда мен шағын қалаларда- 3000.

2017 жылы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша облыстың 4 аудандарында Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия және Бейнеуде 750 адам оқытылды. 2018 жылы оқыту өңірдің 5 ауданында жүзеге асырылады.

Барлық өтініш Тестілеуден өткендер Оқуын тоқтатқандар, шығарылғандар Бизнес-жобасын қорғағандар Оқытылып және сертификат алғандар Іске асқан, үздік жобалар
Бейнеу 284 237 38 102 188 41
Маңғыстау 282 234 14 74 187 41
Қарақия 273 254 75 94 187 33
Мұнайлы 331 221 53 83 188 36
БАРЛЫҒЫ 1170 946 180 353 750 151

2017 жылдағы оқытылған адамдардың қорытындысы бойынша 151 адам өз жобаларын жүзеге асырды, оның ішінде 133 адам қаржылай қолдау алып (қаржыландыру 441,3 млн.теңгені құрады), кәсіпкерлік қызметін бастады және жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған санаттан, жеке кәсіпкер мәртебесіне өтті. Бұл аталған шағыннесиелерді алу әлдеқайда қолжетімді және ең маңыздысы өтеу кезіндегі ауыртпалығы төмендеу болып келеді, орташа есеппен бір жоба құны 3,3 млн.теңгені құрады, соның ішінде:
– Бейнеу ауданында – 41 жоба – 120,03 млн.теңгені;
– Маңғыстау ауданында– 41 жоба –133,5 млн. теңгені;
– Қарақия ауданында – 33 жоба 88,4 млн. теңгені;
– Мұнайлы ауданында – 36 жоба –99,3 млн. теңгені құрады.

Жоғарыда көрсетілген жүзеге асырылған жобалар:
– 91 жоба 290,09 млн. теңгені – «Атамекен» МҚҰ-;
– 39 жоба 122,2 млн. теңгені – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры;
– 3 адам 500,0 мың.теңгені – Гранттар;
– 1 адам 9,6 млн. теңгені – Несиелік Серіктестік арқылы қолдау алды.

Өз кезегінде бастапқы сатыда аталған кәсіпкерлер 195 жаңа жұмыс орнын құрды. Жобаларды кеңейте отырып, бірте-бірте жұмыс орындарын көбейту жоспарлануда.
Жүзеге асырылған жобалардың негізгі үлесі – 98 жоба (немесе 65,0%) ауыл шаруашылығы саласында – олар малшаруашылығы және ет-сүт өнімдерін өндіру, сонымен қатар жеміс-көкөніс өнімдерін өсіру; 43 жоба (немесе 28,0%) – қызмет көрсету саласы (ателье және киімдер мен ұлттық тұрмыстық заттарды тігу шеберханасы, ҚКС, әсемдік салоны, қоғамдық тамақтану және спорт объектілері, фото-видео қызметтері және т.б.); және 10 жоба (6,0%) өнім өндіру саласы (ет консервілерін өндіру, ет жартылай фабрикаттары, наубайхана, кәдесый өнімдерін дайындау).
Осыдан басқа, Мұнайлы және Қарақия ауданынан 18 адам өз қаражаттары арқылы жобаларын іске асырды, яғни оқыту кезінде қажетті ақпаратты алу арқылы, өз ауылының нарығын зерттеу арқылы, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттерін бағалау арқылы, сондай-ақ аз шығын жұмсай отырып (орташа есепен 200,0 мыңнан 800,0 мыңға дейін), Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері және бизнес-тренерлерінің сүйемелдеуінің арқасында Кәсіпкерлік қызметін бастай алды.
Жобалар әртүрлі – мысалы, Мұнайлы ауданынан Бақтыбаева Толқын мен Байнурова Нұржамал және Қарақия ауданы Құрық ауылынан Ниматуллах Гул Ниса – бірнеше тігін машиналарын сатып алып, бөлмені жалға алып, жөндеу және тігін тігу ательесін ашты. Қарақия ауданы Жетібай кентінен Абсаматова Гүлнар 208 түрлі тұқымдағы үй құстарын сатып алып, өз ауласында шағын құс фермасын құрды, үй еті және жұмыртқа өнімдерін өткізу нарығын орнатты, яғни өзінің хоббиін тұрақты табысқа айналдырды. Құрық ауылынан Мұқашева Жадыра өзінің кәдесый тоқу қызығушылығын негізгі жұмысына айналдыруды шешті, яғни сауда үйінде кішкене ғана бутикті жалға алып, қажетті құралдарды сатып алып, өз тауарларын шығарды, олар тұрақты саудада үлкен сұранысқа ие. Бұл ретте жалпы кеткен шығын соммасы 180,0 мың.теңгедей болды. Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылының кәсіпкері Өтеғұлова Мария жалға алған бөлмеде егу кабинетін ашты, бұл ретте жалға алуға кеткен шығындар мен қажетті жиһаздар мен құралдарды сатып алуға 180,0 мың.теңгені құрады. Яғни, адамда өз жобаларын іске асыру қабілеті мен ниеті болса, үлкен несие алмай-ақ, пәтерлерін кепілге қойма-ақ, аздаған шығындармен кәспкерлікті жүзеге асыруға болады.
Қазіргі таңда көрсетілген жобалар табысты жұмыс жасауда және даму үстінде.

Анықтама:
«Бастау Бизнес» жобасы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы екінші бағытының оқыту форматы ретінде қабылданған болатын. Жоба ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыға оқытуға, сонымен қатар олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған. Жоба мақсаты өз-өзін жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халықты кәсіпкерлікке баулу арқылы ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыру болып табылады. Оқуға жұмыссыз (жұмыспен қамту орталығында тіркелу қажет емес) және өз-өзін жұмыспен қамтыған, өз бизнесін ашуға ынталы ауыл тұрғындары, сонымен қатар бизнесін үлкейтуге қызығушылық білдірген әрекеттегі кәсіпкерлер (бизнестің тіркелген мерзімі 3 жылдан аспауы керек) шақырылады. Жобаның түпкі мақсаты – өз ісін ашу.
Курстың ұзақтығы – 1 ай. Жобаға қатысушыларға шәкіртақы төленетін болады.
2017 жылдың жобаларды іске асыру нәтижесі бойынша 3314 адам өз ішін ашып/кеңейткен. 10 мыңға жуық жұмыс орны құрылды.
Жүзеге асқан бизнес жобалардың 82% ауылшаруашылық қызмет түріне тиесілі, 19% – басқа салада. Жобаларды салаларға бөлу сараптамасы ең көп сұранысқа ие болған мал шаруашылығы табылатындығын көрсетеді. Аталған бағыт 93% құрайды (ІҚМ, жылқы, қой, қоян, құс өсіру және т.б. шаруашылығы).

2018 жылға 1056 адамды оқыту жоспарланған, оның ішінде кем дегенде 211 адам қаржыландырылып, жобаларды іске асырып сүйемелдеу қажет.

№ Аудан атауы 2018 жылға жоспар Топ саны
саны іске асқан жобалар
1 Бейнеу ауданы 210 42 6 топ
2 Маңғыстау ауданы 210 42 6 топ
3 Қарақия ауданы 100 20 3 топ
4 Түпқараған ауданы 100 20 3 топ
5 Мұнайлы ауданы 220 43 6 топ
6 Жаңаөзен қ. 108 22 3 топ
7 Ақтау қ. 108 22 3 топ
1056 211

Жаңаөзен қ. және Ақтау қ. облыстық орталығында оқыту пилоттық тәртіппен аудандардағы оқу аяқталғаннан кейін жүргізілетін болады.
Айта кететін жайт, 2017 жылы қаржыландырудың жетіспеушілігіне байланысты 107 адам 700,0 млн. теңге сомасына қаржыландыру ала алмады.
2017 жылдың тәжірибесі бойынша жобаны іске асырудың қиындығы тындаушылардың жобаларын қаржыландыру барысында туындайды – микроқаржыландыру қаражатының жетіспеушілігі, тыңдаушылармен бұған дейін алынған тұтынушылық несиенің жағымсыз тарихы. Бұл ретте өңірлік Палата қызметкерлерімен жобаларды сүйемелдеу бойынша белсенді жұмыс жасалуда – несие шарттарын түсіндіруден бастап, несие алушының құжаттарын жинақтап, қаржылық институтқа тапсыруына дейін. Елбасының 5 әлеуметтік бастамалар аясында берілген тапсырмасын ескере 2018 жылы ауылдарада микроқаржыландыру көлемі өсірілді. Бұдан басқа Маңғыстау облысында «Нұр Капитал» ШОК субъектілерін қолдайтын өңірлік бағдарламасы бастама алуда. Аталған барлық жағдайлар өңір тұрғындарына өз бизнес-идеяларын жүзеге асырып, жаңа өндіріс ашуына, жаңа жұмыс орындарын құруына мүмкіндік беріп, салық төлемдерінің көлемін ұлғайтуға және жалпы ел бойынша жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне әсерін тигізеді деп есептейміз.