Формируй свой бюджет"

мәслихаты«Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымы Ақтау қаласы әкімдігі және Ақтау қаласының мен бірігіп, Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларына сәйкес, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V14E0009950 «Өз бюджетіңді қалыптастыр» жобасы аясында «Халық қатысатын бюджет» тренингіне шақырады. Тренингке Ақтау қаласында құрылған азаматтардың бастамашыл тобы (https://www.caravan.kz/.../novyjj-akim-aktau-nurdaulet.../), ҮЕҰ басшылары, азаматтық белсенділер және мүдделі тұлғалар қатыса алады.

Тренингте сіз:

- Кім және қандай жоба ұсына алатыны;

- Жобалар қай салада болуы керек екені;

- Қоғамдық жобаны дайындау, ұсыну және дауыс беру процесі;

- Жобаны іске асыру және қаржыландыру кезеңі;

- Әрбір жобаға қандай бюджет болуы тиіс және оны қалай жасау керек екені;

- Бюджетке халықтың қатысуы туралы басқа да ақпараттарды білесіз.

«Халық қатысатын бюджетті» енгізудің мақсаты – жергілікті атқарушы органдардың оны қалыптастыру аясында жергілікті бюджет қаражатын бөлу кезінде халықтың қатысуы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдауында «Халық қатысатын бюджеттің» табысты ендірілгені туралы атап өтті.

«Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту – басым бағыттың бірі. «Халық қатысатын бюджет» орталыққа бағынатын қалалар мен облыс орталықтарына  табысты енгізілді. Азаматтардың нақты сұранысына сәйкес ондаған абаттандыру жобасы жүзеге асырылды. Бұл – жақсы тәжірибе. Енді абаттандыру және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының бюджетіндегі «халық қатысатын» үлесті 10 есе арттыру керек»,  – деді президент.

Қашан: 21 ақпан сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін

Қайда: Ақтау қаласы. Өткізілетін орны тіркелген қатысушыларға хабарланады.

Мына сілтеме бойынша тіркеліңіз: https://forms.gle/sdhwnkwaksuyVJXw6

Тілі: мемлекеттік/орыс

Спикер – ұлттық сарапшы, ZertteuResearchInstitute басшысы, ШолпанАитенова

Жобаны 2021 жылдан бері «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ SorosFoundation - Kazakhstan қолдауымен іске асырып келеді.