Маңғыстау облысының журналистері мен блогерлерін «Эко-Көзқарас» облыстық байқауына қатысуға шақырамыз!
Маңғыстау облысының журналистері мен блогерлерін «Эко-Көзқарас» облыстық байқауына қатысуға шақырамыз! 🌿📝 🔹 Ұйымдастырушы: «Эко Маңғыстау» ҮЕМ 🔹 Қолдау көрсетуші: «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 🔹 Жоба: «Эко-Көзқарас: Маңғыстау облысының табиғатына қамқорлық жасау» 📅 Байқаудың өткізілетін күндері: 🔸 Жұмыстарды қабылдау: 2024 жылдың 20 шілдесінен бастап 🔸 Жұмыстардың сараптамасы: 2024 жылдың 15 қазанына дейін 🔸 Жеңімпаздарды марапаттау: 2024 жылдың 15 қарашасына дейін 🎯 Байқаудың мақсаты: Өзекті экологиялық мәселелер туралы хабар тарату жөніндегі үздік материалдарды анықтау және аудиторияны экологиялық жауапты мінез-құлыққа шабыттандыру. 🏆 Номинациялар: 1️1️⃣ Биоәртүрлілікті сақтау: • Маңғыстау облысының флорасы мен фаунасына төнетін қауіптер және оларды қорғау жолдары • Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың биоәртүрлілік үшін пайдасы және оларды кеңейту қажеттілігі • Индустрияландырудың қоршаған ортаға әсері және бұл әсерді азайту жолдары 2️ ⃣ Эко-қаһармандар: • Маңғыстау облысының көрнекті тұлғалары және олардың қоршаған ортаны сақтауға қосқан үлесі • Экологиялық ахуалды жақсартуға ықпал ететін жергілікті бастамалар және қарапайым тұрғындардың оқиғалары • Экологиялық қозғалыстағы жастардың рөлі және олардың өңірлік экологиялық жобаларға әсері 3️ ⃣ Экологиялық білім және мәдениет: • Экологиялық білім беруді мектеп бағдарламаларына кіріктіру және даму келешегі • Экологиялық сана-сезімді қалыптастырудың өңірдегі экологиялық мәселелерді шешуге әсері • Мәдени мұра мен тарихи көрнекі жерлерді сақтау арқылы қоршаған ортаны сақтау 📧 Ережені профиль тақырыбында \ мына сілтеме бойынша оқыңыз.... Облысымыздың тұрақты болашағын құруға бірлесіп ат салысайық! 🌍💚 https://ecomangystau.taplink.ws